«Бояулар сыры» атты сурет көрмесі

Қаражар ауыл кітапханасында «Негеш» клубы үйірмесінде «Бояулар сыры» атты сурет көрмесі өткізілді.
Мақсаты: Жас оқырмандардың қызығушылықтарын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалана білуге баулу.
Шара барысында балалар, өз қиялдарынан туындап шыққан суреттерін салып, оны түрлі‐түсті бояулармен бояп және салған суреттерін суреттеп айтып берді. Сондай‐ақ, «Сиқырлы сандық», «Кім тапқыр» ойындарын ойнап шара көңілді ортаға ұласты.