Лекер ауыл кітапханасының және ауылдық клуб ұжымының ұйымдастыруымен 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анаға деген махаббат» атты концерттік бағдарлама өтті.
Мерекелік концертте ардақты аналарға сыйлықтар таратылып, қызықты ойындар жүргізілді.