«Ана – өмірдің шуағы» атты сазды кеш

Ж.Шанин ауыл кітапханасы мен ауылдың мәдениет үйі бірлесе отырып, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің шуағы» атты сазды кеш өтті.
Кеш барысында аналарға деген құрмет, әйел‐ананың қоғамдағы орны жайлы жылы лебіздер айтылып, әсем әндер шырқалып, мерекелік көңіл‐күй сыйланды.