«Наурыз – дәстүрмен жаңғыру мейрамы» атты әдеби‐танымдық ойын

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!

📚 Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде 7 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Наурыз – дәстүрмен жаңғыру мейрамы» атты әдеби‐танымдық ойын ұйымдастырылды.

🎯 Іс‐шара барысында оқушылар:

✨ Ұлттық құндылықтар бойынша білімдерін сынады;
✨ Салт‐дәстүрлер мен ұлттық тағамдар туралы мәліметтермен бөлісті;
✨ Қызықты ойындар ойнап, белсенділік танытты;
✨ Наурызға арнап жүрекжарды тілектер айтты.

🍽 Сергіту сәтінде ұлттық тағамдардан дәм татып,
мерекелік көңіл‐күй сыйланды.

🏆 Ойын нәтижесінде жеңімпаз топ анықталып, арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Наурыз – жаңару мен бірліктің,
береке мен ырыстың бастауы!

✨ Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! ✨