Торайғыр ауыл кітапханасында қазақ халқының азаттығы жолында күрескен ұлы тұлға, ұлт көсемі, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Ұлт көсемі» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен тарихи кеші өткізілді.
Қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық‐саяси қызметін насихаттау. Шара барысында Алаш арыстарының бірі Әлихан Бөкейхан туралы оқырмандарға мағлұмат беріп, бейнефильм көрсетілді. Олардың бойына адамгершілік патриоттық отансүйгіштікке, жастардың тарихи санасын қалыптастыру Әлихан Бөкейхан тәуелсіз Қазақстанның рухани негізін қалаушылардың бірі. Бүгінгі егемен еліміз – сол арыстар ансаған азаттықтың жемісі.