Үшқұлын ауылының кітапханасы мен мектебі және ауылдық клубы біріге 4 сынып пен жоғарғы буын оқушыларына «ХХ‐ғасыр апаты» атты тарихи сағаты өткізілді.
Ағымдағы 2026 жылы адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі – Чернобыль апатына 40 жыл толды. 1986 жылдың 26 сәуірінде Украина аумағындағы атом электр станциясында жарылыс орын алып, қоршаған ортаға көп мөлшерде радиация тарады. Апаттың салдары адамдардың денсаулығына, табиғатқа және көптеген елдердің экологиясына зор зиянын тигізді.