«Өнерін өнеге еткен Дина Нүрпейісова» атты өнер кеші

Торайғыр ауыл кітапханасында дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес орны бар күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ ССР‐нің халық әртісі, Құрманғазының сүйікті ізбасары, қос орденді күйші‐композитор Дина Нүрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Өнерін өнеге еткен Дина Нүрпейісова» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен өнер кеші өткізілді.

Шара барысында оқырмандарға қазақтың қара домбырасы мен қасиетті күй өнері талантымен өнер иесінің өмірі мен шығармашылығық өрісі ұстаздық жолы, естеліктері, күйтабақтары, бір ғасырлық ғұмырын күй өнеріне бағыштап, мол рухани‐мәдени мұрасы туралы айтылды. Дина Нүрпейісова – қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің бірі.