«Ойы терең, қаламы қарымды жазушы» атты портрет кеші

Қ.Исабаев атындағы аудандық орталық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, аудармашы Зейтін Ақышевтің туғанына 115 жыл толуына орай «Ойы терең, қаламы қарымды жазушы» атты портрет кеші өткізілді.

Аталған кешке Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары және Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп‐интернатының оқушылары қатысып, белсенділік танытты.

Іс‐шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы Зейтін Ақышевтің шығармаларына шолу жасалып, оның ішінде «Ақбел асуы», «Жаяу Мұса», «Иманжүсіп» сынды туындылары туралы мағлұмат берілді.

Кеш барысында оқушылар жазушыға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқыды, оның шығармашылық мұрасы жайлы өз ойларын ортаға салды. Әсіресе «Жаяу Мұса» романының жазылу тарихы мен маңызы туралы қысқаша баяндама тыңдалды. Сұрақ‐жауап түрінде викторина ұйымдастырылды.