«Нашақорлық – өмір елесі» атты денсаулық сағаты

Ақсан ауыл кітапханасы және Д.Рахметов атындағы ЖОББ мектебінің кітапханасы, Ақсан ауылдық мәдениет үйімен бірлесе салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлық – өмір елесі» атты денсаулық сағаты өткізілді.

Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына темекі, нашаның адам баласын аздыртатының, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына баулу.

Денсаулық сағатына Д.Рахметов атындағы мектеп медбикесі Алтын Заркешовна қатысты. Аталмыш шара барысында оқушыларға нашақорлық, темекі жайлы ақыл‐кеңестер айтылып, баяндама жасалды.
Іс‐шара соңы сұрақ‐жауап пен аяқталды.