«Кітап дәуір айнасы» атты тақырыптық кездесу кеші

Ақсан ауыл кітапханасы және Д.Рахметов атындағы ЖОББ мектебінің кітапханасы, Ақсан ауылдық мәдениет үйімен бірлесе
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап дәуір айнасы» атты тақырыптық кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешке Д.Рахметов атындағы ЖОББ мектебінің ұстаздары қатысты. Кездесу барысында ұстаздар өздерінің бала кезінен бастап оқыған сүйікті кітаптары туралы айтып, кітап адам өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті. Кездесуге қатысушылар кітаптың тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар рухани тәрбие беретін, адамды ізгілікке жетелейтін сенімді дос екенін жеткізді.