«Кітап – ұлттық құндылық» атты мерекелік іс‐шара

Кітап – ұлттық құндылық!

Бүгін Қалмұқан Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада С.Торайғыров атындағы мәдени‐сауық орталығымен бірлесе ұйымдастырылған «Кітап – ұлттық құндылық» атты мерекелік іс‐шара жоғары деңгейде өтті.

Бұл кеш Қазақстанда ресми түрде бекітілген Ұлттық кітап күніне арналды.

Іс‐шараның барысы: Мемлекет басшысы Қасым‐Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдан бастап ресми түрде аталып өтетін бұл мереке қоғамның, соның ішінде жастардың рухани жетілуіне бағытталған.

Кеш шымылдығын Қ.Исабаев атындағы ОКЖ басшысы Маржан Хусаинова ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Кітапқа деген сүйіспеншілігімен танылып, білім мен талғамның биігінен көрінген үздік оқырмандарымыз жүлделі I,II және III дәрежелі орындармен, сондай‐ақ, «Белсенді оқырман», «Кітапқұмар оқырман», «Ең белсенді кітапхана оқырманы», «Үздік жас оқырман» мен «Кітап жанашыры» және «Ойлы оқырман» атты арнаулы номинациялары бойынша марапатталды.

Шараға атсалысқан барша қауымға алғыс айтамыз!
Кітапқа деген сүйіспеншіліктеріңіз ешқашан сөнбесін!