Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Шөкин атындағы ЖОББ мектебінің 2 «А» сынып оқушыларымен 1 мамырға орай «Бірлігі жарасқан ел» атты іс‐шара өткізілді.
Іс‐шара барысында оқушыларға мерекенің маңызы туралы мәлімет беріліп, бірлік пен достық тақырыбында әңгіме жүргізілді. Оқушылар белсенді қатысып, мерекелік көңіл‐күй алды.