Ақсан ауыл кітапханасы ауылдық мәдениет үйімен бірлесе 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Отан рухы биік, асқақ ұғым» атты кездесу кеш өткізілді.
Мақсаты: Отан қорғаушыларды ұлықтау, жастарға патриоттық түсінік беру, ерлік дәстүрлерін жалғастыру.
Отан қорғау – қасиетті борыш. Бұл мереке – ерлік пен батырлықтың, елге деген сүйіспеншіліктің нышаны.
Кездесу кеш еліміздің қауіпсіздігін күзеткен, бейбіт күнімізді қорғаған барша ер‐азаматтарға арналды. Сондай‐ақ, әскери өмір, отан қорғау туралы естеліктер айтылды.