«Ер есімі – Ел есінде» атты тарихи кеші

Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отанның да, ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.

Майкөбе ауыл кітапханасы, клубы бірлесе 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Ер есімі – Ел есінде» атты тарихи кеші өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысы мен қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту және үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Мереке аясында мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды.
9 мамыр баршамызға құтты болсын.