Торайғыр ауыл кітапханасында отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Отбасы – адам өміріндегі ең ыстық ұя, мейірім мен тәрбиенің бастауы.
Шаранын мақсаты – отбасының құндылықтарын насихаттау, ата‐ананың ақылы, үлкеннің өнегесі, ұрпақ тәрбиесі, салт‐дәстүрді сақтау, өз ойларын ортаға салу, өнегелі пікірлерімен бөлісу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Отбасы – адам өміріндегі ең қастерлі ұғым. Отбасы – сыйластықтың, сүйіспеншіліктің, татулық пен бірліктің мекені. Әр отбасы – бір әлем, әр шаңырақ – бір бақыт мекені.