Қаражар ауыл кітапханасында ақиық ақын, артынан өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали әлемі» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: М.Мақатаевтің өлеңдері мен әндері арқылы жас оқырмандарды әсемдікке баулу, және өлең поэмалары мен танысу.
Іс‐шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып кітапхананың тұрақты оқырмандары Б.Інжімаржан, Ж.Айша, Қ.Елдана ақынның өлеңдерін мәнерлеп айтып берді.