«Балаларға бақыт сыйлаған қаламгер»
Қ.Исабаев атындағы аудандық орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Шөкин атындағы ЖОББ мектебінің 2 “А” сынып оқушыларымен жазушы Мұхамеджан Етекбаевтың 90 жылдығына арналған әдеби‐танымдық сағаты өткізілді.
Оқушылар қаламгердің өмірімен, шығармашылығымен танысып, туындылары арқылы адамгершілік пен табиғатты сүю жайында ой бөлісті. Іс‐шара барысында сұрақ‐жауап ұйымдастырылып, кітап көрмесіне шолу жасалды.