«Ақбеттаудың абызы» атты әдеби-сазды кеш

Баянауыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Жаңғыру жолындағы кітапхана: Дәстүр мен инновация» тақырыбындағы кітапхана қызметкерлерінің аудандық тәжірибе алмасу жобасы аясында жүргізілген кезекті семинар жиыны өтті.

Құндыкөл және Егіндібұлақ ауыл кітапханасының бірлесе жұмыс жүргізуімен «Ақбеттаудың абызы» атты әдеби‐сазды кеш ұйымдастырылды. Аталған жоба барысында ұйымдастырылған бұл іс‐шара жерлес ақын, сазгер, жазушы, ұлағатты ұстаз Зекебай Солтанбайұлының 95 жылдығына арналды.

Шара алдында кеш қатысушылары мен орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мамандарына Егіндібұлақ мектебі қабырғасында ашылған Зекебай ұстаздың музейі таныстырылып, арнайы кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

«Ақбеттаудың абызы» атты әдеби‐сазды кештің ашылуы барысында алғашқы сөз Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Альмира Аманқызына беріліп, іс‐шара бастау алды.

Іс‐шара барысында ұстаздың шәкірттері Зекебай Солтанбайұлы жайлы өзінің естеліктермен ой бөлісіп, Егіндібұлақ кітапханашысы Бибісара Сарыбаева шығармашылығы мен өмір жолын таныстырып өтті.

Тағылымды шарада мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін ерекше шеберлікпен оқып, сазгердің шәкірті Танат Ахатов арнауын