Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде «Баян жерінің дара тұлғалары» атты тағылымды шара өтті.
Шара барысында оқырмандарға Баянауыл жерінен шыққан атақты дара тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, олардың ел тарихындағы орны таныстырылды. Сонымен қатар, ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып, әдебиеттер оқырман назарына ұсынылды.
Туған жердің мақтаныштарын дәріптеу – жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне жол ашатын маңызды қадам. 📖🇰🇿