Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада 31 мамыр – Саяси қуғын‐сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Мәңгілік естелік» тақырыбымен еске алу кешіне дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында жазықсыз жапа шеккен боздақтардың тағдыры еске алынып, тарихи әділдік пен ел жадындағы тағылымды оқиғалар жайында ой қозғалды. Қатысушылар өткен тарихтан тағылым алып, ұлт руханияты мен ел бірлігінің маңызын атап өтті.