«Азалы тарихқа айрықша тағзым» атты тарихи кеш

Торайғыр ауыл кітапханасында халқымыздың жүрегінде өшпес із қалдырған 31 мамыр – Саяси қуғын‐сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Азалы тарихқа айрықша тағзым» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен тарихи кеші өткізілді.
Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа саяси қуғын‐сүргін құрбандарының тағдырын таныстыру, тарихи сананы қалыптастыру, ел тарихын құрметтеуге, үмытпауға, сондай‐ақ сол уақытта тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру. Халқымыздың тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі жазықсыз жандар қуғындалып, мыңдаған отбасы қайғы‐қасіретке үшырады. Бүгін біз сол боздақтардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігі мен қайсарлығын еске аламыз. Өткеннің ауыр сабағын ұмытпай, тарихтан тағлым алып, Тәуелсіздігімізді қадірлей білейік. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы‐қасіретті үмытпауы парыз. Өйткені бұл күн – Алаш азаматтарының азалы күні!