1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шараға Ш.Шөкин атындағы ЖОББ мектебінің жазғы сауықтыру алаңының бүлдіршіндері қатысып, кітап әлеміне саяхат жасады. Балалар қызықты кітап көрмесімен танысып, ертегілер желісі бойынша театрландырылған қойылым көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. 📚🎭
Мерекелік кеш барысында түрлі танымдық сұрақтар қойылып, белсенді қатысқан балалар тәтті сыйлықтарға ие болды. Сондай‐ақ, көңілді мультфильмдер тамашалап, шаттыққа толы сәттерді бірге бөлісті. 🍭🎬
Балалардың күлкісі мен қуанышына толы бұл күн барша бүлдіршіндер үшін ұмытылмас мерекеге айналды. 💖