«Мемлекеттік Рәміздер – рухтың биігі» атты танымдық сағат

Ж.Аймауытов ауыл кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер – рухтың биігі» атты танымдық сағат өткізілді.

Мақсаты: ҚР Мемлекеттік рәміздері Ту, Елтаңба және Әнұран еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгілері. Олар ұлттық бірегейлікті, патриотизмді және елдің тарихы мен мәдениетін бейнелейтін маңызды атрибуттар болып табылатыны жайлы мағлұмат беру.