«Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» атты іс‐шара

Қалмұқан Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарына «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» атты іс‐шара өткізілді.

Іс‐шара барысында Мемлекеттік рәміздердің маңызы мен тарихы туралы мәліметтер айтылып, қатысушыларға кеңінен таныстырылды. Сондай‐ақ, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Мемлекеттік Туымызды, Елтаңбамызды және Әнұранымызды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.