Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай жазғы лагерь тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Менің туым – менің мақтанышым» атты танымдық ойын ұйымдастырылды.
Іс‐шара барысында балалар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат алып, олардың шығу тарихымен танысты. Танымдық ойын барысында қатысушылар сұрақ‐жауап сайысына қатысып, түрлі тапсырмалар орындады. Балалар мемлекеттік рәміздерге қатысты білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты. Сонымен қатар, Отан, туған жер және ел рәміздері туралы өлеңдер оқылып, қызықты деректер айтылды.