«Қызықты әлем кітапта» атты буккроссинг

Қ.Сәтбаев ауыл кітапханасында «Қызықты әлем кітапта» атты буккроссинг іс‐шарасы өткізілді.
Шараға 1‐4 сынып оқушылары қатысып, кітаптың маңызы туралы әңгімелесті.
Балалар жұмбақтар шешіп, ертегі кейіпкерлерін тапты және өздерімен әкелген кітаптарын бір‐бірімен алмастырып, жаңа кітаптармен танысты.
Іс‐шара жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында өткізілді.