«Батыр – ел қорғаны» атты тарихи‐әдеби сағат

Қ.Исабаев атындағы аудандық орталық кітапханада қазақ халқының ержүрек батыры, ел қорғаған қаһарманы Жасыбай Өмірұлының туғанына 310 жыл толуына орай «Батыр – ел қорғаны» атты тарихи‐әдеби сағат өткізілді.

Шараға З.Ақышев атындағы ЖОББ мектебінің оқушылары қатысып, батырдың өмірі мен ерлік жолы туралы тың мәліметтермен танысты. Кездесу барысында тарихи деректер айтылып, оқушылар батыр тұлғасының ел тарихындағы орны мен маңызы жөнінде ой бөлісті.

Іс‐шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ұлттық рухты дәріптеу және батырлар мұрасын насихаттау.