«Жыл кітабын бірге оқиық!» атты дөңгелек үстел

Майкөбе ауыл кітапханасында «Жыл кітабын бірге оқиық!» атты дөңгелек үстел өткізілді.

2026 жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тағдыр» романы жалпыұлттық оқуға таңдалды. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған комиссия отырысында қабылданды.

Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетінің үздік туындыларын насихаттау, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.