Астана күніне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасы мен Балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен «Жарқыраған жүрегім – Астана» атты танымдық іс‐шара «Жас дәурен» облыстық оқыту‐сауықтыру орталығының демалушыларының қатысуымен өтті.
Шара барысында қатысушыларға «Астана – ел жүрегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, елордамыздың тарихы, сәулеті, мәдениеті мен тәуелсіз Қазақстанның даму жолын баяндайтын кітаптар таныстырылды.
Сонымен қатар балалар Астана туралы қызықты мәліметтермен танысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, танымдық ойындарға белсенді қатысты. Іс‐шараның мақсаты – жас ұрпақтың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Астананың тарихы мен жетістіктерін насихаттау және патриоттық рухты қалыптастыру.
💙 Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз!
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Астанамыз мәңгі жасай берсін!