Ұлттық домбыра күніне орай Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Домбыра жыры – жүрек лебі» атты сазды кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында домбыраның шығу тарихы мен қазақ мәдениетіндегі орны туралы тағылымды мәліметтер айтылып, күйшілердің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Қатысушылар халық күйлерін тыңдап, күй өнерінің ерекшелігі жайында пікір алмасты.
Сонымен қатар, домбырада орындалған әсем күйлер мен ұлттық әндер кештің сәнін келтіріп, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.
Шара соңында ұлттық мұраны ұлықтау – әр азаматтың парызы екені айтылып, қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдірілді.