«Ұлтымның асыл аспабы» атты танымдық сағат

Қ.Сәтбаев ауыл кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Ұлтымның асыл аспабы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.
Іс‐шара барысында жас оқырмандарға домбыраның шығу тарихы, қазақ халқының мәдениеті мен рухани өміріндегі орны туралы мәлімет берілді. Жас оқырмандарға ұлттық аспаптың қадір‐қасиеті жайлы түсінік беріліп, кітап көрмесі таныстырылды.
Домбыра – халқымыздың рухын, тарихын және салт‐дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті мұра.