6 шілде – Астана күніне орай Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Сәулеті сұлу, айбыны асқақ – Астана» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
Поэзия кешінде қатысушылар Астанаға арналған әсерлі өлеңдерді мәнерлеп оқып, елорданың әсем келбеті, сәулетті ғимараттары мен тарихи жетістіктері туралы ой‐пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар Астананың өткені мен бүгіні жайлы қызықты мәліметтер айтылып, кітап көрмесіне шолу жасалды.