«Әлем тамсанған әнші» танымдық іс‐шарасы

Қ.Исабаев атындағы Баянауыл аудандық орталық кітапханада «Әлем тамсанған әнші» танымдық іс‐шарасы өтті.

Іс‐шара Қазақстанның халық әртісі, ҚР‐ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әйгілі опера әншісі, актер Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналды. Жиынға Торайғыр ауылындағы «Балдәурен» оқу‐сауықтыру лагерінде демалушы оқушылар қатысты. Жиын барысында оқушыларға Ермек Серкебаевтың өмір жолы, өнердегі жетістіктері туралы мағлұмат берілді.