«Кітап – адамзаттың рухани қазнасы» деген қанатты сөз бекер айтылмаған. Кітап – өткеннің өңегесін бүгінгіге жеткізіп, болашаққа жол сілтейтін асыл мұра.
Торайғыр ауыл кітапханасында «Зерделі ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Кітап – зерделі ұлттың шамшырағы» атты кітап көрмесі безендіріліп жас оқырмандардың қатысуымен пікірталас кеші өткізілді.
Мақсатты: Кітаптың адам өміріндегі, қоғам дамуындағы маңызын насихаттау, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, ойлы, білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу.
Кітап – өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғайтын рухани көпір.