«Сүйектен жасалған қолөнер бұйымдары» атты танымдық сағаты

Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында «Сүйектен жасалған қолөнер бұйымдары» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды.

Г.Әбілқайырқызы оқырмандарға қазақ халқының ежелден келе жатқан сүйек өңдеу өнері туралы мәлімет беріп, өзінің сүйектен жасаған түрлі тұрмыстық және сәндік бұйымдарымен таныстырды.