Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Болашаққа кітаппен барар жол» жазғы кітапхана жобасы аясында «Кітаппен жазғы саяхат» атты танымдық шарасы өтті.
Бір апта бойы кітапханаға келген бүлдіршіндер кітапхана тынысымен танысып, кітап қоры мен бөлімдері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, өздері оқып жүрген және оқып шыққан сүйікті кітаптары жайлы әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне қызықты шығармаларды ұсынды. Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқуға деген ынтасын оятқан бұл шара жазғы демалыстың мазмұнды әрі пайдалы өтуіне өз үлесін қосты.