Бірлік ауыл кітапханасында мәдениет үйімен бірлесе 10 тамыз ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні, Абай күні аясында ұйымдастырылған «Ұлылардың ұлысы – Абай» тақырыбындағы әдеби кеші өткізілді. Бұл мереке 2020 жылы еліміздің мерекелік күнтізбесіне енгізіліп, жыл сайын кең көлемде аталып өтіледі.