«Жастар — елдің тірегі» атты дөңгелек үстел

Торайғыр ауыл кітапханасында Халықаралық жастар күніне орай «Жастар — елдің тірегі» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандар мен жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Жастардың қоғамдағы рөлін насихаттау, олардың бойындағы отансүйгіштік, білімге құштарлық, еңбекқорлық қасиетерді дәріптеу, белсенді жастармен еркін пікір алмасу.
Шара барысында оқырмандар өздерін таныстырып, сұрақ‐жауап ойындарына белсенді атсалысып, сонында сыйлықтар табысталып, марапатталды. Жастық шақ – арманға қанат бітіретін, мақсатқа жетелейтін ең ғажайып кезең. Жастар – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы.