Кітапханамызда өткен іс‐шаралардан…
Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, тарихшы‐өлкетанушы Бекболат Хазыровтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ел тарихын жазған қаламгер» атты әдеби‐танымдық кеші өткен болатын.
Кеш барысында «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінің демалушыларына жазушы жайлы қызықты әрі тың деректер айтылып, өлкетанушының еңбектері таныстырылды. Жане де балаларға тақырыптық кітаптар көрмесіне шолу жүргізіліп, мазмұнды мәліметтер ұсынылды.