«Жазғы ертегі әлемі» атты викториналық ойын

Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Болашаққа кітаппен барар жол» жазғы жобасы аясында «Жазғы ертегі әлемі» атты викториналық ойын ұйымдастырылды. 🌿📖

Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, сүйікті ертегілері бойынша қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. 🧚‍♀️🪄

Көңілді ойын, қызықты сұрақтар мен көтеріңкі көңіл күй – балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі әсерлі өткізуіне мүмкіндік берді. 💫

📖 Кітап оқыған бала – қиялы ұшқыр, ойы зерек!

🌈 Ертегілер әлеміне саяхатымыз жалғаса береді!