Торайғыр ауыл кітапханасында Қазақстан халқының тілдер күніне орай «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен викторина өткізілді.
Тіл – әр халықтың тарихын, мәдениетін, салт‐дәстүрін сақтап келе жатқан баға жетпес рухани қазына.
Ана тілі – ұлттың жүрегі, халықтың жаны, ұрпақтан‐ұрпаққа жалғасқан асыл мұра.
Шараның мақсаты: Оқырмандарға ана тілінің қадір қасиетін түсіндіру, тілге деген сүйішпеншілікті арттыру, көптілділікті дәріптеу және ел бірлігін нығайту. Ана тілімізді ардақтап, өзге тілдерді құрметтеу – білімді де мәдениетті ұрпақтың белгісі. Тіл арқылы біз өткенімізді танимыз, бүгінімізді бағалаймыз, болашағымыз ды қалыптастырамыз.