5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Баянауыл көпсалалы колледж студенттерімен «Тіл – ұлттың рухани тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс‐шара барысында тілдің ұлт өміріндегі маңызы, қазақ тілінің тарихы мен дамуы, мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы сөз қозғалды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі таныстырылып, оның «Тіл – құрал» еңбегі туралы айтылды.
Іс‐шара барысында студенттер тіл мәселесіне қатысты өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар қазақтың шешендік өнері мен мақал‐мәтелдеріне байланысты танымдық сұрақтар қойылып, қызықты тапсырмалар орындалды.
Кездесу соңында қатысушылар «Қазақ тіліне менің тілегім…» тақырыбында өз тілектерін білдірді.
Іс‐шара студенттердің ана тіліне деген құрметін арттырып, қазақ тілінің маңызын терең түсінуге ықпал етті.
Қорытындылай келе, «Тіл – ұлттың рухани тірегі» атты әдеби‐танымдық кездесу жастардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыруға, тіл мәдениетін қалыптастыруға және қазақ тілінің қоғамдағы маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.