«Тілім менің – тірегім» атты көңілді танымдық шара

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен «Тілім менің – тірегім» атты көңілді танымдық шара өтті.
Шараға Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ‐нің 1-сынып оқушылары қатысты. 📚
Балалар қызықты ойындарға қатысып, тіл туралы тақпақтар айтып, өз білімдерін көрсетті. Көңілді өткен шарада бүлдіршіндер ана тілін құрметтеудің маңызын түсінді.
❤️ Тілім менің – тірегім,
Ана тілім – ардағым! 🇰🇿