«Отбасы – адамның тірегі» атты әдеби кеш

Майқайың кітапханасында Отбасы күніне орай «Отбасы – адамның тірегі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс‐шараға ақ жаулықты аналарымыз, мектепке жаңадан келген жас мамандар және мектеп оқушылары шақырылды. Кеш барысында әсерлі әндер шырқалып, ақ жаулықты аналарымыз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, тағылымды ақыл‐кеңестерін айтты. Жас мамандарға отбасы құндылықтары туралы сұрақтар қойылып, олардың жеке пікірлері ортаға салынып, қызу талқыланды.