«Мен оқыған кітап» атты жиын

Қ.Исабай атындағы орталық аудандық кітапханада «KitapTime–2026» республикалық кітап фестивалі аясында «Мен оқыған кітап» атты жиын өтті. Жиынға Ш.Шөкин атындағы мектептің 10-сынып оқушылары қатысты. Олар өздері оқыған кітаптар туралы айтып, алған әсерлерімен бөлісті.
Оқушылар Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне, Бердібек Соқпақбаевтің «Менің атым – Қожа» хикаятына, Дулат Исабековтың әңгіме‐романдарына, сонымен бірге Агата Кристи, Акутагава Рюнеско, Харуки Мураками қатарлы шет ел авторларының шығармаларына тоқталды.
Жиын «Артық кейіпкерді тап», «Өлең авторы кім?» интеллектуалдық ойындарымен жалғасты.
Іс‐шараға белсенді қатысқан оқушылар – Диляра Баширова, Мерей Молдасарина, Жансерік Совет Алғыс хатпен марапатталды.
Оқушылар назарына кітап көрмесі ұсынылды. Кітапқұмар жеткіншектерге Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Ахтанов, К.Тоқаев, М.Мақатаев, М.Шаханов, Қ.Жұмаділев сынды қаламгерлердің кітаптары таныстырылды.