«Отбасы – адам тұлғасының бесігі» атты интеллектуалдық кеш

Торайғыр ауыл кітапханасында Отбасы күніне орай «Отбасы – адам тұлғасының бесігі» атты кітап көрмесі безендіріліп, ауыл тұрғындарының қатысуымен интеллектуалдық кеш өткізілді.
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат қазына,жүрекке жылу сыйлайтын қасиетті мекені.
Отбасы – сыйластық пен сүйішпеншіліктің, мейірім мен татулықтың ордасы.
Кеш барысында әр отбасы өздерінің таныстырып,отбасы тарихынан сыр шертіп, қызықты сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен білімдерін ортаға салды.
Шараның мақсаты: Отбасы құндылықтарын насихаттау, ата‐анаға құрметті арттыру, оқырмандардың арасында сыйластық пен мейірімділікті дәріптеу.
Шара соңында қатысушыларға сыйлықтар табысталды.