«Салауатты өмір – сәнді өмір» тақырыбында танымдық ақпарат

Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Ш.Шөкин атындағы ЖОББ мектебінің оқушыларына «Салауатты өмір – сәнді өмір» тақырыбында танымдық ақпарат берілді.
Алдымен кітапханашылар оқушыларды кітапханамен таныстырып, кітап қорын көрсетті. Одан әрі денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және салауатты өмір салты туралы пайдалы кеңестер айтылды.