Драматург, әдебиет зерттеушісі Қошке Кемеңгеровтің 130 жыл толуына орай Жаңатілек ауыл кітапханасы «Қазақ әдебиетінің кемеңгері» атты тұлға сағатын өткізді.
Шара барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, драматург, тіл маманы әрі әдебиет зерттеушісі Қошке Кемеңгеровтің өмірбаянына тоқталып, шығармашылық жолы туралы кеңінен мәлімет берілді. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымы мен ағартушылық саласына қосқан үлесі таныстырылды.
Шараның мақсаты: Оқырмандарға Қошке Кемеңгеровтің өнегелі өмір жолы мен шығармаларын терең насихаттау, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру және ұлттық рухани мұраны дәріптеу.