«Мен едім от жүректі Қасым ағаң» атты әдеби композиция

Қаражар ауыл кітапханасында қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Мен едім от жүректі Қасым ағаң» атты әдеби композиция өткізілді.
Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмір жолы мен шығармалары жайлы мәлімет беріп, өлеңдерімен таныстыру. Шара барысында жас оқырмандар, ақынның өлеңдерін оқып, кітаптарына шолу жасады.