«Қарттарымыз аман болсын» атты музыкалық кеш

Мұса Шорман ауыл кітапханашысы, ауыл клубы ұжымымен бірлесе отырып қарттар күніне орай «Қарттарымыз аман болсын» атты музыкалық кеш өткізді. Шақырған қарттарымыз қуанышқа бөлене отырып, жиналып дастарханға жайғасты. Дайындалған әндер орындалды. Ауыл әкімі келіп құттықтауын айтты. Дастархан басында ақ жаулықты аналарымыз бен аталарымыз тілек ниеттерін білдіріп, жақсы әндерін ортаға салды. Айтмұқан атамыз батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.